Компания туралы
Arvello — Алматыдағы жиһаз бренді. Біз жиһазды жобалаймыз, цехқа толық тапсырма дайындаймыз және нәтижеге жауап береміз: есептен бастап үйіңіздегі құрастыруға дейін.
Жұмыс қалай құрылған
Arvello-ның әр үлгісі — өзіміз есептеген құрылым: өлшемдері, материалдары, фурнитурасы және құрастыру тәртібі. Цех бізден сызбалар мен спецификация алып, жиһазды дәл соларға сай жасайды.
Біз Алматыдағы тексерілген цехтармен жұмыс істейміз және сіздің алдыңызда бәріне жауап береміз: мерзім, сапа, жеткізу және құрастыру. Шарт пен кепілдік — Arvello-мен.
Неліктен баға бірден көрінеді
Сайттағы баға цех жұмыс істейтін техкарта бойынша есептеледі: материалдар, кесу, жиек, фурнитура, құрастыру, жеткізу. Сондықтан біз оны бірден көрсетеміз.
Үстелдер, тумбалар және басқа «берік» позициялар үшін баға нақты. Ас үйлер мен бөлме өлшемі маңызды жиһаз үшін — шамамен: нақтысын өлшеуден кейін айтамыз.
Сіз не аласыз
Үлгі шегінде өз өлшеміңізге сай жиһаз, тапсырысқа дейін 3D-көрініс, есептің жарамдылық мерзіміне бекітілген баға, Алматы бойынша жеткізу және құрастыру, бұйым мен құрастыруға кепілдік.